Мұнай өнімдерін заңсыз шетке шығарумен айналысқандар ұсталды. Операцияны 20 шілде күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті «А» арнаулы мақсаттағы қызметі мен Түркістан облысының прокуратурасы бірлесе жүргізген. Қазір Астана, Шымкент қалаларының және Түркістан мен Маңғыстау облыстарының аумағында тиісті жедел-тергеу іс-шаралары жүріп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жарияланбайды делінген ведомство таратқан хабарламада.
Серік Селеубай