Өткен жылы Қазақстанға Ресейден тартылған инвестиция көлемі 1,5 миллиард долларға дейін түсіп кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен жылы Қазақстанға Ресейден тартылған инвестиция көлемі 1,5 миллиард долларға дейін түсіп кеткен

20.07.2023

Өткен жылы Қазақстанға Ресейден тартылған инвестиция көлемі 1,5 миллиард долларға дейін түсіп кеткен. Бұл алдыңғы жылдардағы көрсеткішпен салыстырғанда 20 пайызға аз. Мұны сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров айтты. Ол бұған көрші елдегі ахуал себеп дейді. Десе де инвестиция азайғанымен Ресейден елімізге көшіп жатқан компаниялар еселеп артқан. Әзірге 30-дан астам шетелдік бизнесмен өндірісін Қазақстанға көшірген. Жақында тағы 70-і қоныс аударады деді вице-министр.

Алмас Айдаров, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

Ресейге 40-тан астам ел экономикалық санкция салды. Әлібетте сондағы шетелдік және жергілікті компаниялар жұмысын жүргізе алмай қалды. Енді бизнесін Қазақстанда дамытқысы келіп отыр. Бұл елімізге қосымша табыс, өндіріс, жаңа жұмыс орындары. Әзірге көшіп келіп жатқан компаниялардың көбі АҚШ пен Германия және Оңтүстік Кореяға тиесілі.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу