Павлодарда биылғы жылдың алты айында 800 ден астам адамның қос азаматтықпен жүргені анықталды. Қазір көші-қон қызметі басқармасы елге келіп жатқан және басқа жаққа қоныс аударушыларды бақылауды күшейітті. Себебі Павлодар тоғыз жолдың торабында тұрған аймақ. Мәселен, былтыр көрші мемлекеттерден 7 млн. адам кірсе биылғы жылдың алты айында ғана 13 млн. адам келген. Бұл уақытша қонақ болып кеткендер. Ал тұрақты түрде қалуға өтініш бергендердің саны 20 пайызға өсіпті.
Алмира Хайруллина Көші-қон қызметі басқармасының аға инспекторы:
819 азамат қос азаматтық фактісі бойынша тіркелген. Оның 49 әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қалғандары уақытында жүгінгендіктен олар әкімшілік жауапкершіліктен босатылды. 90 пайыздан астамы бұл Ресей Федерациясының азаматтары болып табылады.
Болат Аманбаев