Бас прокуратура балалар лагерлерін тексеруді бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бас прокуратура балалар лагерлерін тексеруді бастады

20.07.2023

Алматы қаласының прокуратурасы «саунамен бір үй-жайда балалар лагерін» ұйымдастыру кезінде кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі өкілеттіктерді теріс пайдалану және міндеттерді орындамау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Сондай-ақ Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша аумақтық прокурорлар уәкілетті органдармен бірлесіп мемлекеттік, жеке және шатырлы лагерьлердің қызметін тексеруге кірісті. Тексеру барысында санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын, өрт қауіпсіздігін, тамақпен және медициналық көмекпен қамтамасыз етуді жағдайын қамту жоспарланған.

2023 жылға арналған балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша қызметтерді сатып алу кезінде заңдылықты сақтау мәселелері зерттеліп жатыр. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде елімізде 848 лагерь жұмыс істейді, оның ішінде 118 – мемлекеттік, 100-і – жекеменшік, 630-ы – шатырлы лагерь.  


Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу