Шымкентте жалған шот-фактураларды рәсімдеген 2 азаматтың әрекеті әшкереленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте жалған шот-фактураларды рәсімдеген 2 азаматтың әрекеті әшкереленді

19.07.2023

Шымкент қаласында болса жалған шот фактуралар жазып, көлеңкелі іспен айналысқан 2 азамат ұсталды. Олар бұл әрекетін жүзеге асыру үшін 6 жалған компания құрған. Сөйтіп, бір жыл ішінде олардың қаржылық айналымында 2,1 миллард теңгеден астам ақша болғаны анықталды. Жалған құжаттар әзірлеудің арқасында, мемлекет қазынасы 700 миллион теңгеден астам қаржыдан қағылды. Бұл істі қаржылық мониторинг агенттігі анықтады. Айыпталушылар 3 жарым жылға сотталды.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу