Ертеңнен бастап Ұмай ипотекасына өтініштерді қабылдау қайта басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертеңнен бастап Ұмай ипотекасына өтініштерді қабылдау қайта басталады

18.07.2023

Ертеңнен бастап Ұмай ипотекасына өтініштерді қабылдау қайта басталады. Тұрғын үй бағдарламасы әйелдерге арналған. Бастапқы жарна 15-20 процент. Ал несие мерзімі 6 айдан 25 жылға дейін. Мөлшерлемесі алғашқыда 14,4 пайыз. Кейін 5 және 3,5 процентке дейін төмендейді. Бағдарлама бойынша жаңа немесе қолданыста болған үйлерді де ала беруге болады. Тек оның бағасы 30 миллион теңгеден аспауы керек. Өтініш беру кезінде табысты растау міндетті. Десе де үш қала: Алматы, Астана мен Ақтауда лимит таусылғандықтан өтініштер қабылданбайды. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу