Шығыс Қазақстанда полиция қызметкері Олжас Серікқанов ер адамды өрттен құтқарып қалды. Отбасымен бірге серуендеп жүрген ол кенеттен көпқабатты үйдегі бір пәтердің терезесінен шығып жатқан қою түтінді көреді. Жанталасып сол бағытқа қарай жүгірген. Терезеден үйге кіріп, ұйықтап жатқан ер адамды оятып, далаға алып шығады. Сонымен бірге өрттің алдын алу үшін үй ішін түгел тексеріп, қызып кеткен пешті өшіреді.
Полиция қызметкерінің қырағалық танытқанының нәтижесінде ешкім зардап шекпеді. Белгілі болғандай, үй иесі пештің үстіне тамақ салынған табаны қойып, ұйықтап кеткен. Айта кетейік, Олжас Серікқанов Алтай аудандық полиция басқармасында уақытша ұстау изоляторы бастығының орынбасары болып қызмет атқарады. Ішкі істер саласында 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді.
Қонысбек Терекұлы