Елімізде көлік саудасы бір жарым есе артып, он жыл бұрынғы рекордқа жақындап қалды. Автобизнес қауымдастығының хабарлауынша диллерлер өткен айда 16 мың, ал жыл басынан бері 83 мыңдай көлік сатқан. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 40 пайызға көп. Қауымдастық сауданың артуына көлік тапшылығының азаюы себеп дейді. Десе де жетіспеушілік әлі де сақталып отыр. Тіпті клиенттер алдын ала төлем жасап, кезекке тұруға мәжбүр. Сарапшылар нарық сұранысты қамти алмаған соң, баға өсе береді дейді.
Досжан Маратұлы