316 мыңнан астам алматылық коммуналдық қызмет тарифтері өскені үшін өтемақы алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

316 мыңнан астам алматылық коммуналдық қызмет тарифтері өскені үшін өтемақы алады

15.07.2023

Алматы қаласының мәслихаты коммуналдық тарифтердің өсуіне байланысты тұрғындарға өтемақы беру тәртібін бекітті. Ол айына бір рет беріледі. Мөлшері - жарты айлық есептік көрсеткіш, яғни 1 725 теңге. Көмек халықтың әлеуметтік осал тобына жататын алматылықтарға ғана беріледі. Қала әкімдігінің есебінше, олардың саны – 316 388 адам. Әлеуметтік көмек 2023 жыл соңына дейін беріледі.

Оны ұзарту мәселесі 2024 жылғы бюджет жағдайына байланысты қаралады. Көмек алу үшін шаһардың аудандық аппаратына өтініш беру қажет. Оң шешім тапқан жағдайда, өтемақы азаматтың банк шотына аударылады. 

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу