Түркияда алапат орман өрті тұтанды. Тілсіз жау Бодрум әуежайына жақын аумақты шарпыған. Қазір өрт бақылауға алынды. Жарты сағатта 37 гектар жер күлге айналған. Жалынмен күреске 9 ұшақ, 13 тікұшақ пен 450-дей өрт сөндіруші маман жұмылдырылды. Акйол және Кемиклер атты екі ауыл арасындағы орман алқабында өрттің не себепті тұтанғаны әзірге белгісіз. Жалын болған ауданда қазір аптап ыстық. Сынап бағанасы 43 градусты көрсетіп тұр.
Арай Төлегенқызы