Стенд атудан Италияда өтіп жатқан жарыста Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Стенд атудан Италияда өтіп жатқан жарыста Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті

14.07.2023

Стенд атудан Италияда өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде Қазақстан қоржыны алғашқы медаль түсті. Skeet жаттығуы бойынша аралас жұптық жаттығуда Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко қола жүлдеге ие болды. Олар үшінші орын үшін өткен тартыста италиялық Олимпиада чемпиондарынан басым түсті. Есеп - 44:43. Бұл сында барлығы 42 команда бақ сынады. Әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында 1 жүлде бар. Италиядағы жарыс 17 шілдеде аяқталады.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу