Кей бағыттардағы пойыз билеттері неге тез сатылып кетіп жатыр? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кей бағыттардағы пойыз билеттері неге тез сатылып кетіп жатыр?

14.07.2023

Пойыздарға билет жоқ. Қазақстандықтар 45 күн бұрын шығатын билетті алып үлгермей жатыр. Кей бағыттар бойынша билеттер санаулы сағатта сатылып кетеді дейді азаматтар. Ал жолаушылар билеттің бәрі делдалдардың қолында деп отыр. Ұлттық арна тілшілері ғаламтордағы хабарландырулардың біріндегі телефон нөміріне хабарласты. Жолаушылар тасымалы компаниясының баспасөз хатшысы мұны жоққа шығарды.

Нариман Дүйсекеев, «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз хатшысы:

Қазір бәрі билеттің бәрі алыпсатарлардың қолында деп жүр. Бірақ билеттер 45 күн бұрын сатылымға шығады ғой. Ол билеттер біздің кассамызға да, жеке компаниялардың кассасына да түседі. Сондықтан билетті делдалдар ұстап отыр деп айтуға болмайды. Болған күннің өзінде бұл мәселемен көліктегі полиция айналысуы керек.

Серік Селеубайұлы

Хабарламаларға жазылу