Жаңа Зеландия мен Аргентина IBA мүшелігінен бас тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа Зеландия мен Аргентина IBA мүшелігінен бас тартты

13.07.2023

Біз халықаралық бокс қауымдастығын мойындамаймыз. Жаңа Зеландия мен Аргентина IBA мүшелігінен бас тартты. Бұл туралы Rsport.ru сайты жазды. Осылайша, олар жаңадан құрылатын World Boxing ұйымының қатарына кірмекші. Аталған мемлекеттердің бұлай қарсылық танытуына Ресей мен Беларусь спортшыларының әлемдік жарыстарға өз туымен қатысуы себеп болған. Өткен айда Халықаралық олимпиада комитетінің басшылығы қаржы және этика мәселелерінде дұрыс реформа жүргізе алмағаны үшін Халықаралық бокс қауымдастығын мойындаудан бас тартқан болатын. 

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу