Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында су қоймаларына келіп жатқан су деңгейі жеткіліксіз. Мәселені шешу үшін Қырғыз елімен және Өзбекстанмен мемлекетаралық нысандарды сумен қамтамасыз ету кестесін сақтау бойынша жұмыс жүріп жатыр. Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында оңтүстіктегі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін сумен қамту мәселесі қаралды. Әлихан Смайылов ресурстарды пайдалану бойынша көрші елдермен бірлескен үйлесімді жұмыстың маңыздылығына тоқталды. Суды үнемдеу технологияларын енгізу үшін гидротехникалық құрылыстарды жаңғырту, цифрландыру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Мемлекетаралық каналдар арқылы келетін су көлемін арттыру да айтылды.
Асима Нұрбайқызы