БҚО-да 200-ден астам ауылда жоғары жылдамдықты интернет жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да 200-ден астам ауылда жоғары жылдамдықты интернет жоқ

13.07.2023

Батыс Қазақстан облысындағы 200-ден астам ауылда жоғары жылдамдықты интернет байланысы жоқ. Цифрлық даму министрі бұл мәселе 2027- жылға дейін біртіндеп шешілетінін айтты. Өңірге барған Бағдат Мусин, алдымен, «JAIQ-Hub» орталығының ашылуына қатысты. Мұнда жас технологтар жұмыс істейді әрі IT саласындағы тың идеяларын жүзеге асырады. Министр жаңа жобалармен танысып, кәсіпкерлер ұсынысын тыңдады. Облыста 413 ауылдың жартысы ғана 4G интернет байланысымен қамтылған. Ақсай қаласы мен облыс орталығының он шақты ауданында желі сапасы төмен.

Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

«Қолжетімді интернет» деген ұлттық жобамен таныстырған болатынбыз. Сол жобаның аясында біз әрбір ауылдық округке оптика тартамыз және сол ауылдық елді мекендердің ішіндегі инфрақұрылымды жақсартамыз, базалық стансаларды орнатамыз деген уәде бердім.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу