Жамбылдық диқан егістігіне дронмен дән де, дәрі де себеді. Аймақта бірінші болып тың жолмен тыңайтқыш себуді қолға алған шаруа осындай ерекше тәсілмен еңбек өнімділігін арттыруға болатынын айтады. Ол 15 жылдан бері мал азығы үшін арпа-бидай егеді. Ал алқабына бұған дейін ауыр техника арқылы тыңайтқыш сеуіп келген. «Қытайда қолданылатын әдісті бірінші болып енгізген Сәулембек Көмекбаев құны 8 миллион тұратын ұшу аппаратымен сағатына 20 гектар жерді дәрілейді. Тиімділігі жоғары технологияны телефонмен басқарады. Шаруа аудан бойынша 1000 гектарға жуық егістікті дәрілеп берген. Алдағы уақытта құрылғының тағы біреуін алмақ. Оның бастамасына салалық басқармадағылар да қызығып отыр.
Сәулембек Көмекбаев, Күреңбел ауылының тұрғыны:
100 пайыз дәрі мына поляға шашылады. Оған деген сұраныс өте көп. Жуалы ауданында егістік алқап бар суармалы жерлерде бізде картошка егеді, жүгері егеді. Картошканың арасына трактор кіреді, оны таптайды өздеріңіз білесіздер.
Данияр Әлімқұл