Маңғыстаудың Мұнайлы ауданындағы су мәселесі шешіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстаудың Мұнайлы ауданындағы су мәселесі шешіледі

12.07.2023

Маңғыстаудың Мұнайлы ауданындағы су мәселесі шешіледі. Мемлекет басшысы жергілікті халықтың арыз-шағымына назар аударып, Үкімет пен облыс әкіміне оны қысқа мерзімде шешуді тапсырды. Аудандағы жағдай күрделі. Басты себеп – «Каспий» су тұшыту зауытында сорғының істен шығуы. Жөндеу жұмыстары созылғандықтан адамдар суды тасып ішуге мәжбүр. Ал арнайы көліктер суды саудалайды.

Нұрлан Қарамырза, Басқұдық ауылының тұрғыны:

Қасымыздағы ауылдар күні-түні су ішіп отырады. Ал біздің ауылға суды аптасына үш сағат береді. 3 сағатта да жәй напормен береді. Оның сапасы шамалы. Водавоздар суды қайдан алып жатқаны белгісіз. 8 мың, 6 мың деп су сатып жүреді.

Толыбай Өтепов, Жаңа дәулет ауылының тұрғыны:

Су бірде болса, бірде болмайды. Су жоқ былтырдан бері. Үйіміздің алдындағы талдардың бәрі өліп болды. Егін еге алмайсың. Тек ауыз суымызға жетеді.

Су жетіспеушілігі тәулігіне 77 мың текше метрден асады. Су тұшыту зауытының қуатын арттыру үшін Үкімет резервінен 5,6 миллиард теңге бөлу жөнінде шешім қабылданды. Зауыттың қуаты тәулігіне 40 мың текше метрге жетсе Мұнайлы мен Қарақия ауданы тұрғындарын сумен қамтып, тапшылықты жоюға болады.

Нұрлыбай Аққұлов, «Каспий» су тұщыту зауытының директоры:

Қазір обьектінің басында 70-тің үстінде адам жұмыс жасап жатыр. Барлық технолоргиялық жабықтарға тапсырыс орналастырылды. Алды біздің территорияға келіп жатыр. Ал тамыздың аяғына дейін барлық тиісті құрал-жабдықтар келеді деп жоспарлап отырмыз. Тамыз айында біз қосымша келгенімен монтаж жұмыстарын бастап, соларды орнатуды қыркүйек айының аяғына дейін аяқтап, қазан айында іске қосамыз ба деген жсопарымыз бар.

Серік Селеубайұлы

Хабарламаларға жазылу