Президент Төтенше жағдайлар министрін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Төтенше жағдайлар министрін қабылдады

12.07.2023

Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановты қабылдады. Ол атқарып жатқан жұмыстары мен жоспары жөнінде баяндады. Құтқару бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын жарақтандыру, өрт сөндірушілердің кадрлық әлеуетін арттырып, әлеуметтік қорғау шараларын күшейту жөнінде президентке ақпарат берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев министрлікке төтенше жағдайларды азайту, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жүзеге асыруды тапсырды.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу