Жетісу облысында 67 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында 67 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

12.07.2023

Жетісу облысында 67 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды. Жалпы өңірде пайдаланылмай жатқан алқап 850 мың гектар. Қадағалаушы орган жыл басынан бері 35 мемлекеттік сатып алу байқауын күмәнді деп тауып, 3 млрд теңге бюджет қаржысын үнемдеді.

Сондай-ақ Талдықорғанда мыңнан астам пәтердің заңсыз берілгені әшкереленді. 750 баспананың құжаты сот арқылы қайта жасалмақ.

Мадияр Басшыбаев, Жетісу облысының прокуроры:

Мына электронды кезекке көшкен кезде белгісіз бір себептермен біздің қаламыздың тұрғындарынан 1700 адам кезектен тыс қалып қалған. Міне, осы азаматтарды қалпына келтіру бағытында біраз жұмыстар атқардық. Бүгінгі күнге 1400 адам қайтадан кезекке қойылды. Қалғаны бойынша жұмыстарды жалғастырып жатырмыз.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу