Президент Мұнайлы ауданындағы су тапшылығы мәселесін шешуді тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Мұнайлы ауданындағы су тапшылығы мәселесін шешуді тапсырды

12.07.2023

Маңғыстаудың Мұнайлы ауданындағы су тапшылығы жақын арада шешіледі. Мемлекет басшысы жергілікті халықтың арыз-шағымына назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен облыс әкімдігіне мәселені қысқа мерзімде шешуді тапсырды.

Мұнайлы ауданында жағдай күрделі. Су жетіспеушілігі тәулігіне 77 мың текше метрден асады. «Каспий» су тұшыту зауытында сорғы қондырғысы істен шыққан. Жөндеу жүріп жатқанына байланысты су беру мөлшері күрт азайған.

Халық саны жыл сайын өсіп отыр. «Каспий» су тұшыту зауытының қуатын арттыру қажет. Осы мақсатта Үкімет резервінен 5,6 миллиард теңге бөлу жөнінде шешім қабылданды. Су тұшыту зауытының қуаты тәулігіне 40 мың текше метрге жетсе, Мұнайлы мен Қарақия ауданы тұрғындарын сумен қамтамасыз етуге және тапшылықты жоюға болады.

Әсима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу