Боксшылар Мырзағали Айтжанов бас жаттықтырушы болып тағайындалғанға дейін допинг қолданған. Тиісті ережені сақтамаған. Бокстан ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы допинг дауына іліккен 2 боксшыға қатысты осындай пікір білдірді. Тыйым салынған препараттар адамның азғасында 3-4 ай, кейде бір жылға дейін болады. Мырзағали Айтжанов болашақта мұндай жағдай қайталаманбайды деп отыр. Оның айтуынша оқу-жаттығу жиындары болған сайын спортшылар допинг тестен өтеді. Еске сала кетейік, бокстан ұлттық құраманың мүшелері Саматәлі Төлтаев пен Абзал Серік 3 жылға спорттан шеттетілді. Допингке қарсы орталықтың мәліметінше, олар рингке тек 2026 жылы оралады.
Асылбек Данияр