Астана қалалық Спортты дамыту дирекциясының басшысы ақша жымқырды деген күдікке ілікті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана қалалық Спортты дамыту дирекциясының басшысы ақша жымқырды деген күдікке ілікті

11.07.2023

Астана қалалық Спортты дамыту дирекциясының басшысы ақша жымқырды деген күдікке ілікті. Қаржы мониторинг агенттігінің ресми өкілі тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Құзырлы оргнанның ақпаратынша, 2020-2023 жылдар аралығында ақша жымқыру шетелде де, республика ішінде де оқу-жаттығулар мен жарыстарға бөлінген іс-сапар шығындарын асыра көрсету арқылы жасалған. Іс жүзінде жұмсалған ақшадан айырма түрінде алынған қаражатты мекеме басшысы алып отырған. Заңсыз әрекеттерден мемлекетке келтірілген шығын көлемі 70 миллион теңге. Сондай-ақ, ол оқу-жаттығу жиындарын қаржыландыру мәселесі бойынша оң шешім қабылдағаны үшін жаттықтырушыдан 4 миллион теңге пара алған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. 

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу