Такси жүргізушілері мен курьерлерге салық төлеу жеңілдейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Такси жүргізушілері мен курьерлерге салық төлеу жеңілдейді

11.07.2023

Такси жүргізушілері мен курьерлерге салық төлеу жеңілдейді. Оларға салық органдарына барудың қажеті жоқ. Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, ол үшін e-Salyq Business атты мобильді қосымшаны жүктеп, жеке кәсіпкер ретінде тіркелсе жеткілікті. Салық декларациясын тапсыру да міндеттелмейді. Табысының 1 пайызын және өзге де әлеуметтік төлемдерді қосымшаның өзі есептеп береді. Такси жүргізушісіне де делдалсыз платформа арқылы тапсырыс алу мүмкіндіктері қарастырылып жатыр. Комитет төлемді есептеу кезінде қателік болмайды дейді.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу