Үндістанда толассыз жаңбыр жауып, су тасқыны жүрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда толассыз жаңбыр жауып, су тасқыны жүрді

11.07.2023

Үндістанда толассыз нөсер жаңбыр жауып, су тасқыны жүрді. Табиғи апаттан 22 адам қаза тапқан. Көшелер өзенге айналып, ел астанасы Нью-Делиде мектептер жабылды. Билік тұрғындарға мейілінше үйде отыру қажеттігін ескертті. Химачал-Прадеш штатының басым бөлігінде жауын-шашынның 1 айлық мөлшері түскен. Айта кетсек, Үндістанда өткен айда жаңбырлы маусым басталды. Мұндай ауа райы қыркүйекке дейін жалғасады.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу