Сапасыз қызмет көрсеткен байланыс операторларына айыппұл салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сапасыз қызмет көрсеткен байланыс операторларына айыппұл салынды

10.07.2023

Сапасыз қызмет көрсеткен байланыс операторларына айыппұл салынды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне соңғы жылдары мобильді байланыстың нашарлығына байланысты шағыданушылар көбейген.

Дені бағаның негізсіз өсуіне, операторлардың қажет емес қызметтерді жүктеуді талап етуіне және мобильді интернет қызметінің сапасына көңілі толмайтынын айтқан. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі кей тарифтердің екі есе өскенін анықтаған. Нәтижесінде, министрлік соңғы бір жарым жылда бір жарымға жуық тексеріс жүргізіп, байланыс операторларына 3 млрд 44 млн теңгеге айыппұл салған.


Хабарламаларға жазылу