Қазақстан-Өзбекстан шекарасы толық шегенделді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан-Өзбекстан шекарасы толық шегенделді

10.07.2023

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекараны демаркациялау процесі толық аяқталды. Мұны Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. Шартқа президенттер қол қойып, екі елдің парламенттері ратификациялаған.

Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

4 шілдеде Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасын демаркациялау туралы шарт күшіне енді. Шартқа 2022 жылдың 2 желтоқсанында Ташкентте екі мемлекеттің басшылары қол қойды. Осы шарттың күшіне енуі Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекараны демаркациялаудың 19 жылдық процесінің толық аяқталуын білдіреді.

Хабарламаларға жазылу