Қазақстан футбол федерациясы футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Рикардо Какамен келісімшартты ұзартты. Федерациясының президенті Әділет Барменқұлов футзалдың соңғы кезде қарқынды дамып жатқанын алға тартты. Соның бір мысалы Литвада өткен Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының табысты өнер көрсетуі. Алайда, бұл жетістіктермен тоқтап қалмау керек, дейді. Алда 2024 жылы Өзбекстанда өтетін Әлем чемпионатына жолдама алу міндеті тұр. Бас бапкер мұның үддесіне шыға алады деп отыр.
Асылбек Данияр