Алматылықтар үшін қоғамдық көлікте жүру қымбаттайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылықтар үшін қоғамдық көлікте жүру қымбаттайды

05.07.2023

Алматылықтар үшін қоғамдық көлікте жүру қымбаттай түспек. Әкімдік жол жүру ақысын 33 пайызға дейін қымбаттатуды көздеп отыр. Тиісті қаулы жобасы ашық талқылауға шығарылған. Құжатқа сай электронды билет құны 80 теңгеден 100 теңгеге дейін көтерілмек. Ал қолма-қол ақша төлейтін болсаңыз билет бағасы 150 емес 200 теңге болуы мүмкін. Қаулы қабылданса, жол жүру ақысы тамыздан бастап қымбаттайды. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу