Адам қала үшін емес, қала адам үшін – Президент - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Адам қала үшін емес, қала адам үшін – Президент

05.07.2023

«Адам қала үшін емес, қала адам үшін». Президент Астананы дамытудың бас принципін бауырлас қалалар форумында сөйлеген сөзінде осылай сипаттады. Себебі «қала тұрғындарының тұрмыс сапасы мегаполис дамуының басты көрсеткіші» деді. Әрі «орталық көшелерді ғана жарқыратып қоймай, қаланың шеткері аудандарына да көңіл бөлу қажеттігін» ескертті.

Астананың 25 жылдығына арналған форум жұмысы кеше басталған. Шараға шет мемлекеттердің 13 қаласының басшылары қатысты. Форум аясында бірнеше декларацияға қол қойылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Елордамыз, ең алдымен, тұрғындарға ыңғайлы қала болуы керек. Астана – аймақтағы ірі қаржы орталығы. Әлемнің 75 елінің 2 мыңнан аса компаниясы бизнес жүргізу үшін Астана халықаралық қаржы орталығын таңдады. Бүгінде Қаржы орталығы елімізге 8 миллиард доллар инвестиция тартты. Бұл – жақсы көрсеткіш.


Данияр Қайыртай

Хабарламаларға жазылу