Ресейде құрғақшылыққа байланысты бірнеше өңірде төтенше жағдай режимі жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде құрғақшылыққа байланысты бірнеше өңірде төтенше жағдай режимі жарияланды

05.07.2023

Ресейдің бірқатар аймағында құрғақшылыққа байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды. Удмуртия, Новосібір және Пермьде шаруалар дабыл қағуда. Ал Магадан облысында 2 шілде күні 85 жылдан бергі алғашқы ең ыстық күн болды. Бұл өңірлерде екі айдан бері жаңбыр жаумаған. Аптап ыстықтың салдарынан мал қырылып, еккен егін кеуіп кетті. Мамандардың болжауынша, биыл астық өнімі 50%-ке аз шығады.

Роман Вильфанд, Гидрометеорологиялық орталықтың ғылыми жетекшісі:

Шамамен 60 пайызға температуралық фон нормадан жоғары болады деп күтілуде. Бұл аптап ыстықтың күшеюіне сеп болады. Әлемдік жылынудың салдарынан Ресейдің бірнеше өңірі зардап шекті. Адамдардың да денсаулығы нашарлағанын көріп отырмыз.



Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу