«Amanat» партиясы Маңғыстау облысында жыл сайын кемі 15 инвестициялық жобаны жүзеге асырмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Amanat» партиясы Маңғыстау облысында жыл сайын кемі 15 инвестициялық жобаны жүзеге асырмақ

05.07.2023

Алдағы 5 жылда «Amanat» партиясы сайлауалды бағдарламасы аясында Маңғыстау облысында жыл сайын кемінде 15 инвестициялық жобаны жүзеге асыруды көздеп отыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаевтың аймаққа жұмыс сапары кезінде белгілі болды.

Фракция мүшесі Жаңаөзен қаласындағы ет комбинатына барды. Ұжыммен кездесіп, өндіріс ошағының жұмысымен танысты. Болашақта шаһарда 500 бас ірі қара малға арналған бордақылау алаңы, Мұнайлы ауданында тағы осындай екі алаң салынады. Сондай-ақ, облыстық «Жер аманаты» комиссиясы заңсыз бөлінген немесе пайдаланылмай жатқан жерлер мен жайылымдарды мемлекет меншігіне қайтаруға күш салады.

Хабарламаларға жазылу