Абай облысының Көкпекті ауданында тұтанған қамыс өрті толығымен сөндірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысының Көкпекті ауданында тұтанған қамыс өрті толығымен сөндірілді

05.07.2023

Абай облысының Көкпекті ауданында тұтанған қамыс өрті бүгін таңғы сағат 7:00-де толығымен сөндірілді.

Төтенше жағдайлар министрлігі осындай хабар таратты. Тілсіз жау 2-ші шілде күні Көкпекті ауданы Үлгілі Малшы ауылынан 50 шақырым жерде тұтанған болатын. Елді мекендерге қауіп төнген жоқ. Ғарыштан жасалған түсірілімге сәйкес, жалын 910 гектарға жуық жерді шарпыған.


Хабарламаларға жазылу