Әлихан Смайылов Атырау және Маңғыстау облыстарында болған апатты жағдайларға қатысты комиссия отырысын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлихан Смайылов Атырау және Маңғыстау облыстарында болған апатты жағдайларға қатысты комиссия отырысын өткізді

04.07.2023

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Атырау және Маңғыстау облыстарында болған апатты жағдайларға қатысты комиссия отырысын өткізді. Үкімет басшысы Энергетика министрлігіне апаттың себептерін егжей-тегжейлі зерттеуді тапсырды. Кінәлі адамдарды анықтау үшін сарапшылардан тұратын жұмыс тобы құрылады. Оның құрамына Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және тәуелсіз сарапшылар кіреді. Әлихан Смайылов апатқа болашақта жол бермеу үшін генерациялау резервін кеңейту бойынша ұсыныстар дайындауды тапсырды. 


Хабарламаларға жазылу