Павлодар облысында тұрғындар мәдениет үйін жөндеуге қарсы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында тұрғындар мәдениет үйін жөндеуге қарсы

04.07.2023

Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Әуелбек ауылының тұрғындары Мәдениет үйін жөндеуге бөлінген бюджет қаржысы далаға кетеді-деп дабыл қағып жатыр. Себебі 30 жыл бос тұрған ғимараттың қабырғасы жарылып, төбесін жапқан плиталары опырыла бастаған. Мердігер компания қазір нысанды күрделі жөндеуге кірісіп кетті. Оған 156 млн теңге қаржы бөлінген.

Мұрат Шүкен, Әуелбек ауылының тұрғыны:

Бұл бос тұрған ғимаратқа гарантия жоқ, бүгін құлай ма, ертең құлай ма? Сыртын 1-2 күнде жауып тастайды. Былайша айтқанда, іші бүтін, сырты түтін. Ертең құлап жатса, оған кім жауап береді? Мәселе сол.

Ал жергілікті билік ғимарат апатты жағдайда емес- деп отыр. Біз алдын-ала сараптама жасатқаннан кейін барып, жобалау-сметалық құжаттарын әзірледік-дейді.

Нұрбол Мұхитов, аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы:

Екі экспертизадан бізге оң шешім шықты. Эксперттердің қорытындылары бізге гарантия болады. Халыққа да сол құламайтындығына гарантия керек  деп ойлаймын.

Тұрғындар құр бекерге бәйек болып жүрген жоқ. Май ауданы, Кеңтүбек ауылында жақында жөнделген Мәдениет үйінің төбесі опырылып, ортасына түскен болатын. Қазір нысан жабық тұр, жергілікті әкімшілік мердігер компанияны іздеп жатыр.

Хабарламаларға жазылу