Израильде премьер-министр Беньямин Нетаньяху ұсынған сот реформасына қарсы шерулер толастар емес. Ақпанның 20-да заң жобасын Парламент құптаған еді. Бұл қоғам наразылығын тудырды. Осыдан кейін билік құжатты қабылдауды кейінге қалдырды. Бұған қарамастан халық шеруге шығуды тоқтатқан жоқ.
Демонстранттар Бен Гурион әуежайының терминалына баратын жолдарды жауып тастады. Олар әуежайды басып алмақ болды. Полиция шерушілерді таратуға күш салды. Қоғамдық тәртіпті бұзды деген күдікпен 37 адам ұсталған. Наразылық салдарынан ондаған ұшақ рейсі жолдан қалды.
Арай Төлегенқызы