«Титан» батискафының апатына сүңгуір қайықтың корпусындағы ұсақ жарықтар себеп болуы мүмкін. Плимут университетінің доценті Джаспер Грэм-Джонс осылай деп мәлімдеді.
Бұл ақау сүңгуір қайық ұзақ уақыт бойы қолданыста болуына байланысты біртіндеп пайда болған. Бастапқыда жарықтар көзге көрінбейтіндей кішкентай болғанымен, сыртқы қысым күшейгенде бірден үлкейіп кетсе керек. Ал қысымның күшеюіне «Титанның» ұзартылған конструкциясы ықпал еткен.
Естеріңізге салайық, маусымның 18-де «Титаник» кемесінің бөлшектері жатқан жерге аттанған батискаф апатқа ұшырады. Оның бортында болған 5 адамның барлығы қаза тапқан.
Арай Төлегенқызы