Атырау мұнай өңдеу зауыты мен Маңғыстау атом энергетикалық комбинатындағы апаттардан кейін туындаған жағдайды Мемлекет басшысы өз бақылауына алды. Президент апаттардың себебін анықтау үшін мемлекеттік комиссия құруды тапсырды. Кінәлілер заңға сәйкес жауапқа тартылатынын ескертті. Үкіметке аталған кәсіпорындарды қысқа мерзім ішінде жұмысқа қосуға тапсырма берді.