Қаламгерлер Мемлекет басшысының келілі жиындағы ұсыныстары мен тапсырмаларын қолдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаламгерлер Мемлекет басшысының келілі жиындағы ұсыныстары мен тапсырмаларын қолдайды

03.07.2023

Жуырда өткен Ұлттық құрылтайда руханиятты дамытуға қатысты маңызды пікірлер айтылды. Қаламгерлер Мемлекет басшысының келілі жиындағы ұсыныстары мен тапсырмаларын қолдайды. Әсіресе қоғамдық және ұлттық мүддеге сай әдеби шығармалар мен еңбектерді басып шығару ісі қолға алынатынына қуанады.

Тұрысбек Сәукетай, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты:

Жанымызға жақын мәселе қоғамдық, ұлттық мүддеге сай әдебиеттерді көптеп басып шығаруға нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ одақ төрағасы Мереке Құлкеновтің ұсынысы бойынша «Қазақстан халық жазушысы» атағы қалпына келтіру туралы шешім қабылдады. Бұның өзі біз үшін сүйінші хабар деп ойлаймын.

Мәди Айымбетов, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты:

Бұл атақ не үшін керек? Жазушы үшін емес халық үшін керек. Халық солардың кітабын іздеп оқитындай болуы керек. Біздегі қазір әдебиет кітап дүкендеріндегі негізінен 90 пайызы шетелдік кітаптар екен. 10 пайызға жетер-жетпес қазақ тіліндегі әдебиеттер.


Хабарламаларға жазылу