Қостанай мен Ақтөбенің шаруалары шегірткеден зардап шегіп жатса, Батыс Қазақстан облысында мал ұстағандар киіктен қиындық көріп отыр. Сол себепті оларға қаржылай көмек беру үшін төтенше жағдай жариялануы мүмкін. Шаруалар атынан сауал жолдаған халық қалаулылары киіктен келген шығынды есептеп, 10 млрд теңге субсидия беруді талап етіп отыр. Облыстық мәслихат жанынан құрылған комиссияның есебінше, киік 1 млн 80 мың гектар жердің шөбін отап тастаған. Ол аумақта 500 мың бас мал бар. Сондықтан шаруалар сиыр басына 20 мың теңге субсидия берілсін дейді. Ал экология министрлігінен шұғыл түрде киік басын реттеу тетігін ұйымдастыруды талап етеді. Биылғы ресми санақ бойынша төлдегенге дейін киік саны - 1 млн 600 мың, ал жергілікті ғалымдардың есебінше 2 миллионнан асқан.
Мұрат Мұқаев, облыс мәслихатының төрағасы:
Біріншіден, тез арада біз киікті аулайтын методикасын бекітуіміз керек. Екіншіден, оны өңдейтін зауыт, цехтар, оның тәртібін, қалай сатылады, қалай өңделеді - осы үлкен кешенді шараны, уақыт бізде тапшы, бір екі-үш айдың ішінде жүзеге асыруымыз керек.
Ардақ Мұратқызы