«Шежіре тұнған Елорда»: Астанада күні қарсаңында тұрғындарға көрме ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шежіре тұнған Елорда»: Астанада күні қарсаңында тұрғындарға көрме ұйымдастырылды

03.07.2023

«Шежіре тұнған Елорда».  Осындай атаумен Астана күні қарсаңында Ұлттық архив пен қалалық мемлекеттік архив бірлесіп тұрғындарға арнап көрме ұйымдастырды. Келушілер наразына Астана қаласының тарихынан сыр шертетін құнды құжаттар мен көне суреттер ұсынылды. Оның ішінде бұрын көрсетілмеген, ел біле бермейтін жәдігерлер де бар. Шара аясында ортағасырлық Бозоқ қалашығынан бастап, Тәуелсіздік кезеңіне дейінгі елорданың дамуы туралы «Қазақстан астанасының тарихы» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Қала халқы мен қонақтары үшін көрме бір ай бойы жалғасады.

Сағила Нұрланова, ҚР Ұлттық архивінің директоры:

Бұл шараға Астана қаласының архитектурасына еңбек сіңірген архитектурлар қауымы, тарихшы-ғалымдар қатысуда. Бұрынғы орта ғасырдағы Бозоқ қаласына қатысты «Алтын адамды» тапқан Кемел Ақышевтің жолдасы бар, ол кісі де тарихшы. Сол кісілер қатысып жатыр. 


Хабарламаларға жазылу