Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі мен адвокаты пара бермек болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі мен адвокаты пара бермек болған

03.07.2023

Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі мен адвокаты аса ірі көлемде пара бермек болды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлайды.

Экс-шенеуніктің қылмыстық жазасын жеңілдету үшін адвокат Арыстанбек Мұхамедиұлының жұбайынан 460 мың АҚШ долларын алған. Қорғаушы қаражатты сот органдарындағы лауазымды тұлғаларға бермек болған. Тергеу кезінде 255 мың АҚШ доллары тәркіленді. Қалған ақшаны қорғаушы жұмсап қойыпты.

Қазір экс-министрдің өкілі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал жұбайы тергеліп жатыр.

Еске салайық, Арыстанбек Мұхамедиұлы наурызда 8 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.


Хабарламаларға жазылу