Президент: Әділ сот жүйесіне сенім арттыратын негізгі фактор – оның тәуелсіздігі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент: Әділ сот жүйесіне сенім арттыратын негізгі фактор – оның тәуелсіздігі

03.07.2023

Әділ сот жүйесіне сенім арттыратын негізгі фактор – оның тәуелсіздігі. Жоғары сот төрағасын қабылдаған Мемлекет басшысы осыны баса айтты.

Асламбек Мерғалиев қылмыстық процестегі тараптардың тең құқылы қағидатын жүзеге асыруға, бюрократиядан арылтуға және оның ашықтығына бағытталған заңнамалық бастамалар туралы баяндады. Оның сөзінше бұл жаңа нормалар судьяның қателік жіберуін азайтып, азаматтардың құқығы бұзылған жағдайда, оны тез арада қалпына келтіруге оң септігін тигізу тиіс.  

Хабарламаларға жазылу