Израиль астанасы Тель-Авив көшелеріне ондаған мың адам шығып, үкімет басшысының сот реформасына наразылық білдірді. Бұл акция осымен 26-шы рет ұйымдастырылып отыр. Премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың әсіре діншіл әрі ұлтшыл үкіметі реформа билік тармақтары арасында тепе-теңдік орнату үшін қажет дейді. Алайда, демонстранттардың айтуынша, жаңа заң қабылданып кететін болса, Жоғарғы соттың пәрмені әлсіреп, Израильде диктатура орнауы мүмкін.
Рое Нейман, шеруші:
Нетаньяху ымыраны немесе Израильдегі өзге халықты түсінгісі келмейтінін көрсетті. Ол Венгриядағы Орбан тәрізді диктатор болғысы келеді. Біз оны тоқтатамыз. Соған бекініп, 26 апта бойы шеру өткізіп жатырмыз.
Арыстан Рысбек