«Титан» батискафы жарылып, ондағы 5 адамның су түбінде қаза тапқаны әлі ұмытыла қойған жоқ. Ал бақуатты адамдар тағы бір қауіпті ермек тапқан тәрізді. Италиялық үш азамат АҚШ-тың Жаңа Мексика шөлінен ракетапланмен 80 шақырым биіктікке көтерілді. Ғарышқа барып келгендердің екеуі – Италия әуе күштерінің офицері, біреуі – инженер. Оларды орбитаға апарған ұшқыштар да үшеу. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, 75-минуттық сапар үшін италиялықтар британдық миллиардер Ричард Брансон құрған «Вирджн Галактик» компаниясына қыруар ақша төлеген.