Оқушылар арасындағы Таеквондодан әлем чемпионатында тұңғыш рет қазақ баласы топ жарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оқушылар арасындағы Таеквондодан әлем чемпионатында тұңғыш рет қазақ баласы топ жарды

29.06.2023

Оқушылар арасындағы Таеквондодан әлем чемпионатында тұңғыш рет қазақ баласы топ жарды. Мексиканың Масатлан қаласында өткен әлем чемпионатында жерлесіміз Аятжан Әмірханов алтын медальға ие болды. Спортшыны бүгін жанкүйерлері мен туыстары Астана әуежайында зор ықыласпен қарсы алды.

Аятжан Әмірханов 12 жаста. Таеквандомен айналысқанына үш-ақ жыл болған. Аз уақытта әлемді бағындарған ол ерік-жігерінің арқасында жетістікке қол жеткізгенін айтады.

Аятжан Әмірханов, таеквондодан әлем чемпионы:

Бұл жеңісті мен ата-анама, барлық менің қолдаушыларыма арнаймын. Менің мойыныма алтын медаль тағып, гимн ойнағанда мен қуанамын. Себебі, әрбір менің қолдаған адамдардың үміттерін ақтадым.

Аятжан 4 айлығында әкесі мен анасынан қатар айырылды. Содан бері ата-әжесінің тірбиесінде. Қамқоршылары Аятжан бала күнінен батыл болатын,-дейді.

Әмірхан Аманбаев, Аятжанның атасы:

Ер балаға бірінші спортпен айналысу керек. Біз ана әлем чемпионы болсын, олимпиада чемпионы болсын деген мақсат қойғанымыз жоқ алдымызға. Өзін қорғау үшін. жігерлі болу үшін, қажырлы болу үшін баланы сол үшін спортқа бергенбіз. Шетелде қазақтың атын шығарып жатса, ожан асқан бізге ештеңе керек емес.

Аятжан қазір тамыз айында өтетін «Корея Оpen» жарысы мен Азия чемпионатына дайындық үстінде. Мексикада өткен әлемдік додадан ел қоржынында тағы үш медаль бар. Жерлестеріміз Изият Қасанов, Əзім Ниязов пен Антон Пакта әлемдік жарыста топ жарып, 1 алтын, 2 күміс жүлдені иеленді.

Ақмаржан Ғафизқызы


Хабарламаларға жазылу