Елдің бірқатар өңірінде балалар нейрохирургі жетіспейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдің бірқатар өңірінде балалар нейрохирургі жетіспейді

29.06.2023

Елдің бірқатар өңірінде балалар нейрохирургі жетіспейді. Үш облыста мүлде жоқ. Ал ауру түрлері азаяр емес. Бастың, ми мен жұлынның ісіктері,омыртқаның жарақаттануы мен  қан тамырларының дерті мамандарды алаңдатып отыр. Жаһандық медицина диагнозды анықтау мен ауруды емдеудің түр-түрін тәжірибеге енгізуде. Елордада Қазақстан нейрохирургтерінің V Конгресі өтіп, саладағы өзекті мәселелер талқыланды. Жалпы, нейрохирургия саласының дамуы қарқынды. Ел аумағынан бөлек, шетелде де үлкен сұранысқа ие. 15 жылда мыңдаған адамды аяқтан тұрғызды. Ең күрделі операциялардың дені осы орталықта жасалады. 70-тен аса инновациялық әдіс енгізілді. Жақында кеуде омыртқасының 3 д имплантын салуға патент алды. Әрі әлемде алғаш рет осындай операцияны 4 адамға қатарынан жасады.

Серік Ақшолақов, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы:

Балалар нейрохирургиясының мәселесі өте үлкен. Жаңа облыстарда нейрохирургиялық орталықтар жоқ. Балаларға көмек көрсетілмей жатыр. Педиатрия факультетін енді дайындауға көңіл бөлініп жатыр. Сондықтан ойлаймын оны болашағы бар деп.

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу