Жыл соңына дейін мал экспортына тыйым салынбақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл соңына дейін мал экспортына тыйым салынбақ

29.06.2023

Ертеңнен бастап жыл соңына дейін мал экспортына тыйым салынбақ. Ауыл шаруашылығы министрлігі осы арқылы ет тапшылығын жойып, шарықтаған бағаны тұрақтандыруды көздеп отыр. Өйткені «ет дегенде бет бар ма» дейтін қазақтың тәбетіне қымбатшылық әсер етіп жатыр дейді мамандар. Сондықтан Үкімет сиырды шетелге сатуға тыйым салып, ет бағасын түсірмек. Әрі эксортты шектеу арқылы еліміздегі ет өңдейтін зауыттардың жұмысын жетілдіру жоспарланған. Қазір шұжық шығаратын кәсіпорындар жартылай ғана жұмыс істеп тұр. Өйткені шаруалар ірі қарасын отандық кәсіпорындарға емес, шетелге экспорттауға әуес.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу