Түркістан облысы, Кентау қаласындағы дәмханада санитарлық талаптар өрескел бұзылған. Сатып алынған азық-түліктің сертификаты жоқ болып шықты дейді СЭС мамандары. Қазір астан ұшынған 93 адам аурханада жатыр. Оның 40-ы бала. Былтыр дәл осы «Ризық рауаны» дәмханасында бір емес екі рет тұрғындар жаппай астан уланған болатын.
Ауруханада жатқан 67 адамның жағдайлары орташа. 25 адам дәрігерлерге сырттай қаралып жатыр. Олардың біразы сол күні дәмханада тамақтанған. Кейбірі асты үйлеріне тапсырыспен алдыртқан.
Ұлбосын Амалдықова, қала тұрғыны:
Дүйсенбі күні кешкісін Ризық раянадан үйге чикен мен пицца алдырғанбыз. Күйеуім мен екі қызым жегенбіз. Вторник күні азанда басталды. Іш өту құсу деген. Температура. Жаңағы біресе қатты жаурайсын, біресе қатты терлейсің. Қызымда да тура солай. Сол жалоб, сол симптомдар. Мазасы жоқ. Түнде де температурасы көтерілді.
Хасан Жалелов, қала тұрғыны:
Пицца, суши и чикен тапсырыс бердік. Табиғатта барып жедік сосын. Содан кейін үйге келдік. Бір екі сағаттан кейін басталды ғой барлық нәрсе. Сөйтіп звондап, скорый да алып кетті бізді.
Салдарынан тұтас отбасымен, бала-шағасымен ем қабылдап жатқандар бар. Үш жүкті әйелдің өміріне қауіп жоқ дейді мамандар. Астан ұшынғандардың арасында сол дәмханада жұмыс істейтін даяшылар да бар болып шықты.
Орынбек Төлбасиев, Кентау орталық қалалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:
Келген кезде бүкіл науқастардың барлығында дене қызуының көтерілуі, құсу, іш өту, әлсіздік белгілерімен келді. Қазіргі таңда ауруханада жатқан науқастардың жағдайлары тұрақты. Алдағы тәулікте жағдайлары дұрыс науқастарды үйлеріне шығара бастаймыз.
Полиция астан улану дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғады. Дәмхана қазір жабық.
Айнұр Әбілқасымқызы, тілші:
Атышулы дәмхана осы. Тұрғын үйдің астынғы қабатында орналасқан. Былтыр осы дәмханада тұрғындар екі мәрте астан ұшынып, жаппай ауруханға түскен еді. Тамыз айында 8 адам, ал қазан айында 167 адам уланып қалды. Ол кезде де қылмыстық іс қозғалған болатын.
Алайда астан уланған алты адам сол кезде қарсы арыз жазып, іс қысқарып кеткен. Бірақ, сокүйі кемшіліктерді түзетпегені белгілі болды. Мәселен 20 қызметкердің 12-сінде ғана медициналық кітапша бар. Ал, азық-түлік өнімдерінің сапасын растайтын құжат тіпті болмаған.
Асқар Ысқақов, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Қай жерден тауарларды қай жерден алғанын шикізат өнімдерін ешқандай сертификаты жоқ. Ешқандай шот фактура жоқ. Әр жерден бір алып, анализ алу барысында да байқадық, 4 фирманы крилышкылары тұр. Ол қай жерден келген, қай базардан келген немесе қай мекемеден әкеп доставка жасаған ба белгісіз. Осындай жағдайлар өте көп орын алған.
Қалай болғанда да кентаулықтар бұл дәмхананың енді қайта жұмыс істеуіне қарсылық білдіруде. Сэс мамандары сынама алып, тексерісті бастады. Дәмхана иесін қандай жаза күтіп тұрғаны да тергеу нәтижесіне қарай белгілі болмақ.
Айнұр Әбілқасымқызы