Чилидің оңтүстік және орталық аудандарында бірнеше елдімекен суға кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чилидің оңтүстік және орталық аудандарында бірнеше елдімекен суға кетті

29.06.2023

Чилидің оңтүстік және орталық аудандарында бірнеше елдімекен суға кетті. Алапат тасқын егістік алқаптарын шайып кеткендіктен, жергілікті үкімет ауылшаруашылығы секторында төтенше жағдай жариялады. Бірнеше күн бойы төпелеп жауған нөсер жаңбырдан лай көшіп, кей ауылдарда үйлер мен фермерлердің қонысын қиратқан. Екі адам қаза тауып, тағы төртеуі жоғалып кетті. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, ондаған мың адамның дүние-мүлкі де бүлінген. 


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу