Түркістан облысы, Кентау қаласындағы дәмханада астан ушынғандар саны 84 адамға жетті. Оның 40-ы бала, 41-і ересек. Үш жүкті әйел бар. Науқастардың 67-сі қазір қалалық ауруханаға жатқызылған. Жағдайлары орташа. Ал 17 адам сырттай дәрігерлер бақылауында. Кентау қалалық полиция бөлімшесі осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады. Дәмхана жабылды. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау орталығының мамандары сынама алған.
Айта кетейік, дәл осы Ризық Раяна дәмханасында астан улану жағдайы осымен үшінші рет тіркеліп отыр. Өткен жылдың тамыз айында 8 адам астан уланса, қазан айында 167 адам ұшынған болатын. Ол кезде де қылмыстық іс қозғалды.
Айнұр Әбілқасымқызы